ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

«Заң және тәртіп. Медиация»: студенттермен кездесу
14.09.2026 жылы колледж студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру және даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп. Медиация» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге арнайы мамандар мен қоғам өкілдері қатысып, студенттерге медиацияның маңызы, оның негізгі қағидалары және жанжалдарды келісім арқылы шешу жолдары туралы ақпарат берді.
Кездесуге қатысқан спикерлер:
Шарипбаева Венера Сапаровна — «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдарымен жұмыс және жобаларды іске асыру бөлімінің маманы;
Мусина Айман Қайыржановна — Ақмола облыстық медиация кеңесінің мүшесі, заңгер, кәсіби медиатор;
Закенов Болат Нұғметұлы — Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;
Лукбанов Ақылбек Қайдарович — аға лейтенант.
Іс-шара барысында студенттер медиацияның даулар мен жанжалдарды шешудегі рөлі, өзара құрмет пен диалог қағидаттары туралы білді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түрлі өмірлік жағдайларды мамандармен бірге талқылады.
Заңды құрметтеу – тәртіптің негізі, ал келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі.

Пікірлер қосу