Талапкер назарына!
"Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледжі" мекемесі - бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар, гуманитарлық және техникалық бағыттағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды даярлауды жүргізетін оқу орны.
Колледжде сапалы білім алу, тұру, өз қабілеттерін іске асыру, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін барлық жағдайлар бар. Осындай нәтижелермен 2019 жылы колледж институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті және барлық мамандықтар бойынша "тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы" коммерциялық емес мекемесінің Аккредиттеу Кеңесінде аккредиттелді.
Материалдық-техникалық база үнемі нығайтылып, жаңартылып отырады. Колледжде екі оқу ғимараты, жатақхана, спорт залы, асхана бар. Оқу процесіне біліктілік талаптарына сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталған кабинеттер, зертханалар мен шеберханалармен қамтылған.
Біздің колледжімізге оқуға түсу үшін https://college.snation.kz/ порталында өтініш беру қажет.
Оқуға түсуге өтініш беру жөніндегі бейне-нұсқаулық: