ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

2024 жылдың 26 қарашада “Scaffold карточкаларының көмегімен сабақ және сабақтан тыс іс- шараларды жоспарлау” біліктілікті арттыру курстары басталды. Курс мақсаты: кәсіби дағдылар мен мәдениетті дамыту, мемлекеттік білім беру стандартының талаптарының өзгеруі, кәсіби міндеттерді шешудің инновациялық әдістерін меңгеру қажеттілігіне байланысты біліктілік деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес теориялық және практикалық білімдерін жаңарту. Курс 12 сағаттан тұрады. Курстың алғашқы күні колледж оқытушылары шығармашылық топтарда жұмыс жасап, Scaffold инструментін қолдана отырып сабақ жоспарларын құрды. 27 қараша күні екінші сабақта оқытушылар сабақтың типтері мен классификациясын қарастырып, шағын топтарда сабақ жоспарларын қорғады.