“Scaffold карточкаларының көмегімен сабақ және сабақтан тыс іс- шараларды жоспарлау” біліктілікті арттыру курстарының үшінші күні студенттердің білімін бақылау формалары мен әдістеріне арналды. Арнайы пәндер оқытушысы А.Б.Олжабек инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Материалды қайталау және бекіту мақсатында педагог белсенді әдістер мен ойын технологиясын қолданады: «Бинго» ойыны, «Паровоз» ойыны, OnlineTestPad ресурсы, «Аквариум» әдісі, QR-код мен жасанды интеллект қолданылған «Құпия жәшік» әдісі. Сабақтың практикалық бөлімінде оқытушылар ұсынылған тапсырмаларға дескриптор және бағалау критерийлерін құрастырды.
|
“Scaffold карточкаларының көмегімен сабақ және сабақтан тыс іс- шараларды жоспарлау” біліктілікті арттыру курстары
- Қаралды: 21