«Педагогика жүрегі: ұлттық құндылықтар мен заманауи әдістер» атты педагогикалық мамандықтар онкүндігі өз мәресіне жетті. Бұл онкүндік оқытушылар мен студенттерді шығармашылыққа, кәсіби дамуға және тәжірибе алмасуға үндеген маңызды алаңға айналды.
Онкүндік аясында ашық сабақтар, тәжірибелік семинар, педагогикалық баттл, психологиялық-педагогикалық күн, зияткерлік ойындар, эрудиттер турнирі, дөңгелек үстел және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы өз білімін, кәсіби құзыреттілігін, шығармашылығын және педагогикалық шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алды.
Іс-шаралар барысында заманауи білім беру технологияларын қолдануға, білім беруді цифрландыруға, болашақ педагогтердің кәсіби дағдыларын дамытуға және ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісінде дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.
Онкүндіктің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық оқытушыларға, студенттерге және ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл онкүндік колледж өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып, қатысушыларға жаңа білім, шабыт пен кәсіби дамуға қажетті құнды тәжірибе сыйлады.
Баршаңызға жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс және педагогикалық шеберлікті жетілдіруге деген сарқылмас құлшыныс тілейміз!
РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу