Құрметті оқытушылар, студенттер және кітап оқуды сүйетін қауым! Елімізде алғаш рет «Оқитын ұлт» (Reading Nation) атты ауқымды оқу марафоны бастау алды. 2026 жылдың 3 қыркүйегінде «Оқитын ұлт» атты тұңғыш ұлттық білім беру және мәдени марафоны ресми түрде іске қосылды. Оның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, функционалдық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ классикалық және заманауи әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыру. Кітап әрқашан білімнің маңызды қайнар көзі, мәдени мұраның сақтаушысы және ақпарат әлеміндегі сенімді жолбасшы болып келген әрі солай болып қала береді. Қазіргі әлемде оқу мәдениетін қалыптастыру — зияткерлік қоғам құрудың маңызды элементі. «Оқитын ұлт» марафоны әртүрлі буын, мамандық және қызығушылық иелерін әдебиеттің мәңгілік құндылықтары төңірегінде біріктіруді, сондай-ақ қатысушылардың зияткерлік дамуына, тәжірибе алмасуына, отбасылық және тұрақты оқу дағдыларын нығайтуға ықпал ететін біртұтас ақпараттық-мәдени кеңістік қалыптастыруды көздейді. Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың наурыз-сәуіріне дейін екі тілдік лига: қазақ және орыс тілдері бойынша өтеді. Қатысушылар кітаптарды оқып, жеке парақшаларына қысқаша шолулар жазады. Әрбір қатысушы таңдаған санаты бойынша арнайы таңдалған жинақтағы 15 кітапты оқуы керек. Қорытынды тестілеу және интеллектуалды викториналар 2027 жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді. Аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары мен үздік қатысушылары ұлттық салтанатта ақшалай сыйлықтар, бағалы сыйлықтар, сертификаттар және мемлекеттік марапатқа ие болады. Марафон жеті санатқа бөлінеді: мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, педагогтер, отбасылар, зиялы қауым өкілдері және мемлекеттік қызметшілер. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Марафон ережелері мен қатысу талаптарына қатысты толық ақпаратты reading-nation.kz ресми сайтынан алуға болады. Оқу мәдениетін дамытуға үлес қосқысы келетін баршаңызды қатысуға шақырамыз. Бұл уақыт әрқайсыңыз үшін шабыт пен жаңа білім көзіне айналсын.
«Оқитын ұлт» — республикалық оқу марафоны
- Қаралды: 10
РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу