2025 жылдың 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында директордың оқу - әдістемемлік жұмысы бойынша орынбасары А.С.Анисова мен жалпы білім беретін пәндер және педагогикалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Г.Ж.Жуманбаева Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебімен бірлесіп Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Оқу көшбасшысы.Көктем - 2025» байқауын ұйымдастырды. Байқауға 6 - 9 сынып оқушылары қатысты.
Байқау мақсаты - мектеп оқушыларының кітап оқуға және білім алуға қызығушылықтарын қалыптастыру. Байқауға 65 өтінім қабылданды, соның ішінде тесттен өткен оқушылар саны - 48, екінші кезеңге өткен оқушылар саны - 21. Байқауға қатысушылар «Менің сүйікті кейіпкерім» атты 12 видеоролик дайындады.
Байқау қорытындысы. Л.Қоныстың «Тиын» шығармасы бойынша қатысқандар арасында: «Үздік оқырман» номинациясы - Досмырза Диляра, 7 «А» сыныбы, ІІІ орын - Галимова Дильназ, 6 «Б» сыныбы, ІІ орын - Муханметжанова Жұлдыз, 9 «Б» сыныбы, І орын - Ескендирова Адия, 8 «В» сыныбы.
У.С.Моэмның «Home» шығармасы бойынша: І орын - Алибаева Фатима, 9 «Б» сыныбы.
Г.Горинның «Ёжик - история о напрасной суете» шығармасы бойынша:
«Үздік оқырман» номинациясы - Ерланқызы Зере, 6 «Б» сыныбы, ІІІ орын - Абдужаббарова Кира, 7 «В» сыныбы, ІІ орын - Байдуллаева Дария, 6 «Б» сыныбы, І орын - Сенина Виктория, 7 «В» сыныбы. Жеңімпаздар мен номинаттар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Оқу байқауына белсене қатысқандары үшін барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, оқуда сәттілік тілейміз!
«Оқу көшбасшысы. Көктем - 2025» байқауы
- Қаралды: 25