ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

Әрбір адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі — болашақ мамандығын таңдау. Бұл шешім — тек кәсіби бағыт қана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным, қоғамдағы орнымыздың негізі. Мен өз таңдауымды жүрек қалауымен жасап, ұстаздық жолды таңдадым. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жүрген 4-курс студентімін. Бұл — мен үшін үлкен мақтаныш.
Ұстаз болу — үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін киелі мамандық. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі болу — бала өміріне алғашқы із қалдыратын, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды кезең. Оларға алғаш рет қалам ұстатып, білімге деген қызығушылығын оятатын — осы маман иесі.
Бүгінгі таңда білім алып жатқан Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі — сапалы білім мен тәрбиенің үлгісін көрсетіп отырған беделді оқу орны. Колледжіміздің директоры Вайс Д.В. — білім беру саласында үлкен тәжірибесі бар, талапшыл да әділ басшы. Оның басшылығымен колледж жылдан-жылға даму үстінде, жаңа технологиялармен жабдықталып, студенттерге қолайлы жағдай жасалуда.
Колледжіміздің ұстаздар құрамы — өз ісінің шеберлері. Олар бізге тек теориялық білім беріп қоймай, адамгершілік қасиеттерге баулып, маман ретінде қалыптасуымызға зор үлес қосып жүр. Әр студентке жеке көзқараспен қарап, бағыт-бағдар беріп, бізді болашаққа сенімді жетелеп келеді.
 Оқу орнымызда тек білім ғана емес, шығармашылық пен қоғамдық белсенділік те жоғары деңгейде. Түрлі мәдени, ғылыми іс-шараларға қатыса отырып, біз өзімізді жан-жақты дамытып келеміз. Мұндай мүмкіндіктер біздің көшбасшылық қабілетімізді арттырып, қоғаммен еркін байланыс орнатуға үйретуде.
Мен үшін мұғалім болу — болашаққа жарық шырақ жағумен тең. Балалармен жұмыс істеу, олардың жүрегіне жол тауып, білімге деген қызығушылығын ашу — бұл менің өмірлік мақсатым. Колледж қабырғасында алған білімім мен тәрбием ертеңгі күні шәкірттеріме жол сілтейтін шамшырақ болатынына сенімі мол.Коллеж қабырғасынан алған тәжірибемді  педагогикалық іс-тәжірибемді Ақмола облысы, Ақмол ауылының жалпы білім беретін мектебінде өттім. Бұл мектеп – ауылдың білім мен тәрбие беру ісіндегі жетекші орындарының бірі. Мұнда тәжірибе жинақтау арқылы мен ұстаз болудың қыр-сырын, балалармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті.
Педагогикалық тәжірибемді Ақмола облысы, Ақмол ауылындағы жалпы білім беретін мектепте өттім. Бұл мектепте тәжірибе жинақтау мен үшін үлкен мүмкіншілік болды. Оқушылармен жұмыс істеу, сабақ жоспарлау, сыныптағы ахуалды бақылау арқылы мен өз мамандығымның маңыздылығын терең сезіндім.
 Ұстаз болу – тек білім беру емес, сонымен қатар шәкірттің жүрегіне жол тауып, өмірлік бағыт-бағдар көрсету. Сондықтан мен болашақта өз ісінің шебері, шәкірттерінің сүйікті ұстазы болуға бар күшімді саламын.

 Мамандығым — менің мақтанышым. Ал менің осы жолға түсуіме себепші болған, мені тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі — менің өмірлік ұстаханама айналды.
Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 курс студенті :Көпеш Айя

 

Пікірлер қосу