ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілген «Ұлттық құндылықтар мен әке тәрбиесінің қоғамдағы рөлі» атты тағылымды шараға біздің колледж студенттері белсене қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - ұлттық тәрбиені насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және әкенің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін жастарға түсіндіру болды.

Қазақ халқы қашанда әкені отбасының тірегі, шаңырақтың қорғаны деп таныған. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген дана халқымыздың нақылы әкенің отбасы өміріндегі ерекше орнын айқын көрсетеді. Әке тәрбиесін көріп өскен бала тәртіпті, еңбекқор, елін сүйетін азамат болып қалыптасады.

Шара барысында ұлттық құндылықтардың маңызы, отбасы бірлігі, ұрпақ тәрбиесі жайында өнегелі ойлар айтылып, студенттер өз пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы әке беделін арттыру, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер қозғалды.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі әкенің әрбір іс-әрекеті, сөзі мен мінезі балаға үлгі болады. Ұлттық рухты, салт-дәстүрді, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ - ел болашағының кепілі.

Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жастардың рухани дамуына, отбасылық құндылықтарды құрметтеуіне және ұлттық сананы қалыптастыруға үлкен әсер етеді.

Пікірлер қосу