2025 жылдың 9 қазанында «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде» Дублёр күніне орай танымдық және тәжірибелік экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға ОДД-12, ЭМ-12 және ТМ-12 топтарының студенттері қатысты.
Экскурсияның мақсаты – студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейту, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру және таңдап алған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Студенттер “Сейнур”ЖШС автобус паркіне және “Мастер Драйв” техникалық қызмет көрсету станциясына барып, қаланың заманауи көлік жүйесінің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көрді.
Экскурсия барысында студенттер автобустарды техникалық қызмет көрсетуден өткізу және жөндеу үдерісімен, көлік құралдарын диагностикалау тәсілдерімен, сондай-ақ автосервис саласындағы заманауи жабдықтар мен технологиялардың қолданылуымен танысты.
Кәсіпорын өкілдері өз жұмыстары жайлы қызықты ақпарат беріп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті және студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Болашақ мамандар үшін бұл іс-шара теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ кәсібінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге тамаша мүмкіндік болды.
Мұндай шаралар студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, білімге деген ынтасын арттыруға және болашақ мамандық бағытын айқындауға үлкен әсер етеді.
Колледж әкімшілігі “Сейнур” автобус паркі мен “Мастер Драйв” СТО
«Власов-Сервис» басшылығына жылы қабылдауы, қызықты экскурсия ұйымдастырғаны және студенттерге құнды тәжірибе алу мүмкіндігін жасағандары үшін алғыс білдіреді.
РУС
ҚАЗ



Пікірлер қосу